Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Оның аясында кеңес мүшелері Бурабай ауданының Зелёный Бор ауылындағы күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйінде орналасқан ауылдық кітапханаға барды.
Іс-шара барысында кеңес мүшелері кітапхана қорымен танысып, қазақ тіліндегі көркем әдебиеттердің аз екеніне назар аударды. Осыған байланысты олар өздерінің жеке кітап қорынан кітап сыйлауға ниет білдірді.
Нәтижесінде, Miras кеңесі төрағасының орынбасары Құралай Ыдырысова ауылдық кітапханаға 300-ден астам кітап табыстады.
«Кітап – ұлттың рухани қазынасы. Ауыл кітапханаларының қоры байып, әсіресе қазақ тіліндегі әдебиеттер көбейсе, бұл жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етеді. Сондықтан осындай игі бастамаларды әрдайым қолдауға дайынбыз», – деді Құралай Ыдырысова.
Сонымен қатар «Кітап-AMANAT» жобасының амбассадоры Серік Жетпісқалиев өз шығармашылығынан бірнеше кітапты сыйға тартып, Зеленый Бор ауылындағы кітапхананың қызметкері Айгүл Абдрахмановаға тапсырды.
«Кітап – білім мен тәрбиенің бастауы. Әсіресе, ауыл кітапханаларының қорын толықтыру – қоғам үшін маңызды іс. Бұл бастама тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына өз үлесін қосады», – деді Серік Жетпісқалиев.
Елнар ЕЛТАЙ