Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында басынан өткен оқиға туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі өзіне зиян келтіруге тырысқан адамдардың әрекеті жайлы баяндады. Айтуынша, жасырын жерлерден түрлі күмәнді заттар тауып алған.
«Кафедегі әйелдер дәретханасында кішкентай есік бар екен, ол өздігінен ашылып тұрады. Соны тексеріп көргенімде ішінен қоқыс емес, оралған қағаздарды таптым. Қарасам, онда ұлым екеуміздің суреттеріміз бар. Кей жерлеріне ине қадаған. Асқазан, жүрек, қуық тұстарына дейін белгі қойған. Cұмдық. Мұндайды тек кинодан көретінмін», – дейді ол.
Актриса өмірінде қиындық болғанын жасырмады.
«Жұмыс та жүрмей қалды, бәрі кері кетті», – дейді ол.
Бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.