Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қаржы министрі Мәди Такиев ауыл шаруашылығы саласындағы қомақты қаражат экономикалық нәтиже бермей жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «ЕQ»
Агроөнеркәсіп кешенін 2023-2024 жылдардағы қаржыландыруға жүргізілген аудит нәтижелеріне сәйкес, анықталған заңбұзушылықтардың жалпы көлемі шамамен 300 млрд теңгені құрады. Оның ішінде бюджеттің тікелей шығындары – 32 млрд теңге. Тек 2 жылдың ішінде АӨК-ті мемлекеттік қолдау шараларына шамамен 1,2 трлн теңге бөлінген.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша бірқатар заңбұзушылық анықталды. Мәселен, шаруаларды субсидиялауда 5,5 млрд теңге сомасына көлеңкелі схемалар белгілі болды. Атап айтқанда, 11 өңірде субсидия алушылар арасында 808,1 млн теңгеге бір ірі қара малды жалған сату жағдайлары тіркелді.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникаларының 40%-ы ескірген
Сонымен қатар Қаржы министрі Мәди Такиев субсидиялар беру кезінде анықталған бірқатар нақты заңбұзушылықты айтты. Бюджеттік кредиттер шеңберінде жүзеге асырылатын АӨК-тің инвестициялық жобалары бойынша 13,3 млрд теңге сомасына заңбұзушылық жасалған. Мал мен жабдық мүлдем жеткізілмеген немесе аз мөлшерде жеткізілген фактілері белгілі болды, жеке құрылыс жұмыстары төленген, бірақ іс жүзінде орындалмаған.
Сондай-ақ мерзімі өткен берешегі бар және қолданыстағы тыйым салулары болған соңғы қарыз алушыларға микронесие беру кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды. Мәди Такиевтің мәлімдеуінше, жалпы берешегі 45,8 млн теңгені құрайтын 25 қарыз алушыға 177,7 млн теңге көлемінде несие берілген.
Дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асыру жыл сайын 140 млрд теңге көлемін және 3,2 мың қарыз алушыны қамтығанына қарамастан, жүйелі тиімсіздікке әкелгені атап өтілді. Ағымдағы ауыл шаруашылығы жұмыстарын қаржыландыру үшін құрылған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ фермерлердің шығындарын 70%-ға дейін жабу жөніндегі мәлімделген көрсеткішті қамтамасыз ете алмай отыр. Қаражат көптеген қарыз алушылар арасында аз көлемде бөлінетіндіктен, жұмыстардың толық циклін орындауға мүмкіндік бермейді.
Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министріне нақты шаралар қабылдауға бір апта уақыт берді
Анықталған заңбұзушылықтар мен бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын ескере отырып, Премьер-министр АӨК-ті мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар тапсырма берді:
- Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы бірыңғай цифрлық мониторинг енгізу;
- Субсидиялау жүйелерін қағаз жүзіндегі көрсеткіштерге емес, нақты өндірілген өнім көлеміне бағдарлай отырып қайта қарау;
- Мемлекеттік қолдау талаптары толық орындалғанға дейін субсидияланған малды сатуға жол бермейтін форматтық-логикалық бақылау тетігін қолдану;
- Мемлекеттік кредиттерді пайдалану арқылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына міндетті мемлекеттік сараптама жүргізу.Ауыл шаруашылығына жеңілдікпен берілген несие көлемі 1 триллион теңгеден асты
Соңғы жаңалықтар
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Білім • Бүгін, 07:40
Білім • Бүгін, 07:30
Білім • Бүгін, 07:20
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан • Кеше
Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Спорт • Кеше
Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді
Қазақстан • Кеше
Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары
Оқиға • Кеше
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • Кеше
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Қоғам • Кеше
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Кеше
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Марапат • Кеше
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Аймақтар • Кеше
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Пікір • Кеше
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент • Кеше
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Қоғам • Кеше