3000 ға жуық көлік айып тұрағына қойылды: Атырау облысында айыппұл төлемегендер анықталып жатыр

08.04.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атырау облысында 2026 жылғы үш айда 25 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Бұл ретте полиция дроннан бастап "Кибер-шериф" секілді заманауи технологияны белсенді пайдаланып келеді. 

Патрульдік полиция мәліметінше, жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша қала аумағында 15 970 дерек тіркелген болса, трассаларда 9700 құқық бұзушылық анықталған.

Тек қала бойынша қауіпсіздік белдігін тақпаудың 2121, ұялы телефон пайдаланудың 1017 дерегі тіркелді. Бұған қоса айыппұлдарын төлемеген 2828 автокөлік анықталып, олардың бір бөлігі айып тұрағына қойылды.

Заманауи технологиялардың көмегімен құқық бұзушылықтарды анықтау күшейтілген. Атап айтқанда, «Кибер-шериф» арқылы 3800-ден астам, «Жасырын патруль» арқылы 800-ге жуық, бейнекамералар арқылы 520-дай және дрондар арқылы 44 құқық бұзушылық тіркелген.

Атырау облысы ПД патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Серік Орынбасаров пен Атырау қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Алмаз Закариев хабарлағандай, жүргізілген шаралар өз нәтижесін беріп отыр. Республикалық маңызы бар жолдарда жол-көлік оқиғалары 37,1% төмендеп, жарақат алғандар саны 39,9 пайызға азайған.

- Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жүргізушілердің тәртіп сақтамауы. Әсіресе жылдамдықты асыру, арақашықтықты сақтамау және қарсы бағытқа шығу фактілері жиі кездеседі. Осыған байланысты қауіпті учаскелерде патрульдік қызмет күшейтіліп, дрондар мен автоматтандырылған жүйелер арқылы бақылау жүргізілуде, - деп атап өтті полиция өкілдері. 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қауіпсіз жол», «Мигрант», «Тасымалдаушы» және «Қауіпті жүргізуші» сияқты жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұратынын атап өтті ведомство мамандары. 

Бүгін, 16:46

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью