3000 түп ағаш егілді

10.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қонаев қаласында «Таза Қазақ­стан» бағдарламасы аясында экологиялық акция өтіп, іс-шара барысында С.Сейфуллин көше­сінің бойына 3000 жасыл желек егілді. Оның қатарында қара­ғай, көк терек секілді ағаш түрлері бар. Акцияға 300-ден астам адам жұ­мылып, бір кісі­дей атсалысты.

Көгалдандыру науқанына қала әкімі Асхат Бердіханов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, мәслихат депутаттары, ҚХА өкіл­дері, әкімдік мамандары, ақса­қал­дар, еріктілер мен жастар белсене қатысты.

«Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы ұлттық идеоло­гия­мыздың ажырамас бөлігіне айналды. Былтыр облыста экологиялық акциясы аясындағы іс-шараларға 849 мыңнан астам адам, 8 800 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Нәтижесінде, 17 500 тонна қоқыс жиналып, 109 800 ағаш отырғызылды. Алдағы екі ай ішінде аталған акция барлық аудан мен қалаларда өтеді», деді Б.Бақытұлы.

Былтыр Қонаев қаласында 30 мыңға жуық ағаш, 60 мыңнан астам гүл егілген екен. Бұл жұмыс биыл да жалғасатынын тілге тиек еткен қала әкімі жуырда қалаға кіреберіс тұста 7 мың ағаш егіліп, жаңа саябақ ашылатынын айтты. Бұдан бөлек, «Көшпелілер қалашығының» аумағына 3 мың ағаш отырғызылады. Жалпы, жыл соңына дейін қаладағы жасыл желек саны 20 мыңға көбейеді.

«Қала келбетін жақсарту бағытында талаптар да күшейтілді. Енді жаңа нысан салған әрбір құрылыс компаниясы оның аумағын міндетті түрде көгал­дандыруға тиіс. Бұл бастама ал­дағы уақытта Қонаевты жасыл әрі жайлы қалаға айналдыруға жол ашады», деді шаһар басшысы.

Көгалдандыру акция­ларына жастар да белсене қатысуды айнымас дәстүрге айналдырған. «Paryz eriktileri» жас­тар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділет Айтқазы мұндай игі істен жастар шет қалмай, алдағы сенбіліктерде де белсенділік танытанына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Әзірет сұлтан әлемі

Руханият • Бүгін, 08:10

Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор

Сұхбат • Бүгін, 08:07

Ізденген жетер мұратқа

Ғылым • Бүгін, 08:05

Стартаптың тың мүмкіндігі

Ғылым • Бүгін, 08:02

Абай облысының әлеуеті: Олжас Бектенов Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Саясат • Бүгін, 08:00

Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері

Саясат • Бүгін, 07:58

Кәсіпкерлер қанаты құрылды

Саясат • Бүгін, 07:55

Күрделі миссия – лайықты марапат

Марапат • Бүгін, 07:53

Жасыл энергетика саласындағы ықпалдастық артады

Сенат • Бүгін, 07:50

Гүлмарал Еркебаева күрестен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Спорт • Кеше

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

Елорда • Кеше

Алматыда материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды

Қоғам • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялаған азаматтар марапатталды

Марапат • Кеше

Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?

Ауа райы • Кеше

2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?

Білім • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью