Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстан спорт тарихына жаңа парақ қосылды. XXV қысқы Олимпиада ойындарында (Милан, 2026) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жеке бағдарламада алтын медаль жеңіп алды.
Шайдоров еркін бағдарламада рекордтық 198,64 ұпай, ал екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, бірінші орынға шықты. Ол алғаш рет бес төрттік секіруді таза орындап, техникалық деңгейін әлемге паш етті.
Спортшы халық әртісі Димаш Құдайбергеннің «Confessa, the Diva Dance» композициясына өнер көрсетіп, көрермендерді тәнті етті.
Жалпы нәтиже:
Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 291,58 ұпай Юма Кагияма (Жапония) — 280,06 ұпай Шун Сато (Жапония) — 274,90 ұпайБұл жеңіс — Қазақстанның қысқы Олимпиададағы алғашқы алтын медаліне 32 жыл өткен соң қол жеткізуі. Соңғы рет 1994 жылы Владимир Смирнов чемпион атанған еді.
Министр Ербол Мырзабосынов спортшыны тарихи жетістігімен құттықтап: «Бұл — көп жылғы еңбектің, табандылықтың және мақсатқа деген сенімнің нәтижесі. Михаил елге зор қуаныш сыйлады», — деді.
Өз кезегінде Шайдоров: «Бұл медальді бүкіл Қазақстанға арнаймын. Денис Тен бізге жол ашты, мен оның еңбегіне алғыс айтамын. Елімізде мәнерлеп сырғанаудың дамуына бар күшімді саламын», — деп атап өтті.
Бүгін, 15:01