33 миллиондық қарым қатынас келін мен ененің жарысы жоспардан тыс кетті

11.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қарапайым ойын қазақстандық келінге 33 миллион қаралым әкелді. Раушан Кәрібаева енесімен кім жылдам майшамды сөндіреді деп жарысқан еді, алайда ойын күтпеген бағытқа ойысты, - деп хабарлайды Tengri Life.

Бәрі қалай басталды?

Ролик авторы - 35 жастағы Раушан Кәрібаева. Ол отбасымен Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында тұрады және Instagram желісінде күнделікті өмірінен видеолар жариялап, блог жүргізеді.

Түсірілімге оның ең жақын адамдары - күйеуі, екі баласы мен енесі көмектеседі. Раушанның айтуынша, туған-туыстары оның бұл әуестігін қолдап, роликтерге қуана қатысады.

Осы жолы Раушан енесімен бірге қарапайым ойынды видеоға түсіруді ұйғарған. Оның шарты - майшамды бірінші болып сөндіру. Алайда қарапайым отбасылық көңіл көтеру күтпеген қызыққа ұласты. Бір сәтте енесі майшамды сөндіруге тысқаны соншалық, аузындағы тіс протезі шығып кетеді. Бұл күтпеген сәт кадрға түсіп қалып, кейіннен миллиондаған желі қолданушысын күлкіге қарық қылды.

Раушан бұл ролик шамамен миллиондай қаралым жинайды деп үміттенгенін, бірақ нәтиже күткеннен де асып түскенін айтты - қазір видеоның 33 миллионға жуық қаралымы бар.

Роликке жазылған пікірлерде көпшілік ене мен келіннің арасындағы татулыққа тәнті болған.

"Барлығына осындай ене бұйырсын! Қандай позитивті әрі шынайы!", "Міне, нағыз отбасылық сыйластық деп осыны айт. Көреалмаушылық пен өкпе-ренішсіз, шын көңілмен күліп алдық!", "Ең керемет ене! Келінін қалай жақсы көретіні, оған қалай сенетіні көрініп тұр. Барлығыңыз аман болыңыздар!", "Есесіне қандай шынайы!", "Осындай әзілқой адамдарды жақсы көремін", - деп жазды желі қолданушылары.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

БЛОГЕР|Алматы-Ұзынағаш (@raushan.content) жарияланымы

"Енем қуана-қуана түседі"

Раушан отбасының қолдауы болмаса, блогының бұлайша белсенді дамуы екіталай екенін атап өтті.

"Отбасым мені қолдайды. Күйеуім үнемі өз идеяларын бөліседі. Қызым мен ұлым бар, олар ойын ойнауға және видеоға түсуге дағдыланған. Енем қаралым дегеннің не екенін түсінбесе де, мұндай видеоларға қарсы емес, ол қуана-қуана түседі", - деді ол.

Раушан Instagram-дағы блогын маусымда жүйелі түрде жүргізе бастаған, сонымен қатар массаж маманы болып жұмыс істейді. Сол кезде оның парақшасында төрт мыңға жуық оқырман болған. Қазір Раушанның аудиториясы 30 мың жазылушыға дейін өсті.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

БЛОГЕР|Алматы-Ұзынағаш (@raushan.content) жарияланымы

Раушанды көшеде тани бастады

Сонымен қатар ол мұндай ауқымды танымалдылықты күтпегенін айтады. Тек майшаммен ойналған видео ғана емес, қазақстандықтың парақшасындағы тағы бірнеше ролик екі миллионнан аса қаралым жинаған. Видеолардың танымалдылығы арқасында Раушанды енді тек оқырмандары ғана емес, туған ауылының тұрғындары да таниды.

"Адамдар мені танып: "Сен Instagram-ды бағындырып жатсың" дейді. Кішкентай балалар келіп, маған жазылғанын айтады. Бұл менің алдыңғы видеоларым миллионнан аса қаралым жинағаннан кейін басталды", - деп бөлісті қазақстандық келін.

Бұдан бөлек, танымалдылығы артқан соң Раушанға бартер бойынша көптеген ұсыныстар түсе бастаған. Алайда блогер жарнама таңдауға аса ұқыптылықпен қарайтынын атап өтті.

"Күн сайын жарнамалық ұсыныстар өте көп келеді, бірақ мен олардың бәріне келісе бермеймін. Тек өзіме ұнайтын және өзім қолданатын нәрселерді ғана таңдауға тырысамын", - деді ол.

Раушанның айтуынша, оның контентіне басқа елдердің қолданушылары да қызығушылық танытқан. Шетелдік көрермендер пікір қалдырып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып жатады. Блогер оларға аудармашының көмегімен жауап беруге тырысады.

Раушан бұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол жақындарымен бірге отбасылық видеолар түсіруді жалғастырады - аудиторияның реакциясына қарағанда, көпшілікке таныс қарапайым жағдайлар оның блогының басты ерекшелігіне айналған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью