Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 2, 3 және 4 маусымда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 2, 3 және 4 маусымда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы2 маусымда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +27...+29 градус болады.
3 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус болады.
4 маусымда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +25...+27 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы2 маусымда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
3 маусымда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +30...+32 градус болады.
4 маусымда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус болады.
Қазақстанда нөсер жауадыБұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатын - найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
+46 градусқа дейін аптап: Қазақстанда 2026 жылдың маусымы қандай болады?
Алдағы күндері Қазақстанда нөсер жауады
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу