34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты

30.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әрі жарыс әрі мереке саналатын марафонда небір қызықтар мен адам таңғаларлық нәтижелер жиі болып тұрады. Мәселен, 2023 жылдың 8 қазанында Чикаго көшелерінде болған марафон тарихта қалды. Кениялық желаяқ Келвин Киптум 42,195 шақырымдық жарыста мәреге 2 сағат 35 секундта келіп, әлем рекордын жаңартты. Бұл нәтиже World Athletics тарапынан ресми түрде бекітілді. Рекорд 6 ақпан 2024 жылы ратификацияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Киптумның 2:00:35 көрсеткішіне дейінгі бұрынғы әлем рекорды – 2:01:09. Бұл рекордты 2022 жылы Берлинде кениялық желаяқ Элиуд Кипчоге орнатқан еді.

Сырттай қарасаң, екеуінің айырмашылығы жарты-ақ минут сияқты. Бірақ марафонның әлемдік деңгейінде 34 секунд көп нәрсені шешеді.

2:00:35 – тек уақыт емес, есеп. Мұндай нәтиже үшін спортшы марафон бойы орта есеппен, яғни әр шақырымды шамамен 2 минут 51 секундта, әр миляны (1,609 км) шамамен 4 минут 36 секундта бағындыруы керек.

80 жастағы спортшы Нью-Йорк марафонын бағындырды

Бұл – көпшілік үшін 400 метрдің өзіне ауыр темп. Ал Киптум дәл осы қарқынды 42 шақырым бойы ұстап қана қоймай, соңына қарай үдеткен. World Athletics Чикагода оның нәтижесі керемет екенін айта отырып, жарыстың әлем рекордына сай өткенін жазады.

Чикаго марафоны – әлемдегі ең беделді алты «World Marathon Majors» жарысының бірі саналатын үлкен дода. 2023 жылғы жарыста да мыңдаған қатысушы стартқа тұрды, элита бәсекесі бөлек әңгіме болды. Сол күні Киптум бастапқы жоспарды «жай ғана ұтқыр» орындап қоймай, мәреге жақындағанда жылдамдық қосып, рекордқа бір-ақ шықты. Associated Press жарыс күніндегі хабарында оның әлем рекордын жаңартқанын, нәтижесінің 2:00:35 болғанын және бұрынғы рекордтан 34 секундқа озып кеткенін нақтылап жазды.

54 жылға созылған марафон

Киптумның ерекшелігі – оның әлемдік аренаға өте жылдам «жарқ» етіп шығуы. Ол элиталық деңгейде аз ғана марафон жүгіріп үлгерсе де, әр қатысқан жарысында жоғары нәтиже көрсетті. 2023 жылғы Лондон марафонында ол 2:01:25 уақытпен жеңіске жетіп, әлем рекордына тым жақын барғаны да сол жылы-ақ көптің назарын аудартқан. Алты айдан соң Чикагода рекордты жаңартты.

Роботтар марафоны

Киптумның даңқы асқақтап тұрған кезде әлем жеңіл атлетикасы ауыр хабар естіді. Келвин Киптум 2024 жылғы 11 ақпанда Кенияда жол апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиғада оның бапкері Жерваис Хакизимана да көз жұмған. Reuters агенттігі осы деректі, оның Чикагода әлем рекордын орнатқанын және жасы 24-те болғанын хабарлады. Жарыстан небәрі бес күн бұрын ғана оның рекорды World Athletics тарапынан ресми түрде бекітілген еді.

Соңғы жаңалықтар

Сулумов жекпе-жекке шығудан бас тартты: АСА лигасы «Спартакқа» жаңа қарсылас іздеп жатыр

Спорт • Бүгін, 10:38

Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты

Қоғам • Бүгін, 10:27

Қасым-Жомарт Тоқаев испан халқына бақ-береке тіледі

Президент • Бүгін, 10:20

Сарапшылар: 2026 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,9% болады

Экономика • Бүгін, 10:10

Әскери топограф күні: Цифрлы ұрыс алаңы қалай жасақталады?

Әскер • Бүгін, 10:05

Сенсация: 17 жастағы қазақ теннисшісі Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

Спорт • Бүгін, 09:58

Елде қанша кәсіпорын тауар өндірумен айналысады?

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью