35 мың доллар көлеміндегі инвестиция: Павлодарлық оқушының TabAI жобасы Google грантын иеленді

02.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Павлодар қаласының 11-сынып оқушысы Игорь Мартынюк YC Startup School білім беру бағдарламасына толық грант иеленген Орталық Азиядағы алғашқы оқушы атанды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: gov.kz

Бұл бағдарламаны әлемдегі ең танымал стартап акселераторлардың бірі Y Combinator ұйымдастырады.

Игорь TabAI стартапын өз бетінше әзірлеген. Бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші, ол пайдаланушының цифрлық белсенділігін талдап, тапсырмаларды жүйелеуге және жұмыс үдерістерін басқаруға көмектеседі. Өнім ақпараттық жүктемені азайтуға бағытталған. Қазіргі таңда TabAI платформасын әлем бойынша шамамен 20 мың қолданушы пайдаланады.

MIT-ке қабылданған оқушы

Жоба халықаралық қауымдастықтың назарын аударып отыр. Стартап 35 мың доллар көлеміндегі инвестицияны, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға арналған Google грантын алды. Бағдарламадағы жас шектеулеріне қарамастан, Y Combinator командасы Игорьді шақыру туралы шешім қабылдап, оның Кремний алқабындағы YC Startup School бағдарламасына қатысу шығындарын толық өтеді. Оның ішінде жол ақысы, тұру және оқуы қарастырылған.

Елордалық оқушы Гарвард университетіне оқуға түсті

Сонымен қатар Игорь Мартынюк жасанды интеллект саласындағы қарқынды дамып келе жатқан Cursor компаниясының ресми амбассадоры атанды. Бұл рөлде ол Қазақстан мен Орталық Азияда әзірлеушілер қауымдастығын дамытып, хакатондар, митаптар және білім беру іс шараларын ұйымдастырады.

25 жыл жөндеу көрмейтін жол: Аягөздік оқушы пластик қалдықтардан эко-асфальт жасап шығарды

Игорь алдағы уақытта жобаны дамытуды жалғастырып, халықаралық бағдарламаларға қатысуды және Y Combinator негізгі іріктеуіне өтінім беруді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі могулшы Юлия Галышева кәсіби мансабын аяқтады

Спорт • Бүгін, 10:36

«7-20-25» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды: Қай уақытқа дейін үлгеру қажет?

Банк • Бүгін, 10:32

Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдер арқылы 146 млн теңгені жымқырған

Қылмыс • Бүгін, 10:27

Индонезияда магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды

Әлем • Бүгін, 10:10

Алаяқтықтың жаңа тәсілі тарады: Қаскүнемдер дауысын өзгертіп, сенімге кіреді

Қоғам • Бүгін, 09:51

Италия мен Түркия маңында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады: 38 адам қайтыс болды

Әлем • Бүгін, 09:42

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:28

Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:16

Жаңа инвестиция формуласы: азды көбейтіп, барды тиімді етеді

Инвестиция • Бүгін, 09:15

Өңірдің көлік-логистикалық қуаты

Экономика • Бүгін, 09:10

Тұрмыс сапасы жақсарып келеді

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Қалдықты қайта өңдейтін кәсіпорын

Өндіріс • Бүгін, 09:02

Тегеурінді теңіз күштері

Айбын • Бүгін, 09:00

Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады?

Қоғам • Бүгін, 08:58

Маэстро миниатюралары

Тұлға • Бүгін, 08:55

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью