Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұл талап салмағы 3,5 тоннадан асатын автокөлік құралдарымен жүк тасымалдарын жүзеге асыратын нарық қатысушыларына қолданылады. Аталған санаттағы тасымалдар бойынша барлық жол парағы мен тауар-көлік жүкқұжаттары жүйеде тіркелуі тиіс.
Аталған норма Қазақстан Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына 2020 жылы енгізілген. Кейіннен бизнеске қолайлы жағдай жасау және жүйені техникалық тұрғыдан жетілдіру мақсатында оны қолдану міндетті емес сипатта болды.
– Құжаттарды жүйеде тіркеу тасымалдауды ресімдеу үдерістерін оңайлатуға, қағаз құжат айналымын азайтуға және құжаттарға электрондық форматта қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Естеріңізге сала кетеміз, құжаттарды ресімдемеу, оларды тіркемеу немесе жалған мәліметтер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-1-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, КҚББЖ — тасымалдаушылар мен мемлекеттік органдар арасында көлік құжаттарын тіркеуге, сақтауға және алмасуға арналған ақпараттық жүйе. Тіркелу esutd.gov.kz порталында қолжетімді.
Қазақстан мен Вьетнам «Орта дәліз» арқылы жүк тасымалын жеделдетпек.