Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Түрік актрисасы Эдже Иртем 15 маусымда қайтыс болды. Көпшілікке танымал "Клюквенный шербет" телехикаясындағы Ишил рөлімен танылған актриса Ыстамбұлдағы өз үйінде көз жұмған, деп хабарлайды Tengri Life түріктің Kisa Dalga басылымына сілтеме жасап.
Түрік актрисасы Эдже Иртем 15 маусымда қайтыс болды. Көпшілікке танымал "Клюквенный шербет" телехикаясындағы Ишил рөлімен танылған актриса Ыстамбұлдағы өз үйінде көз жұмған, деп хабарлайды Tengri Life түріктің Kisa Dalga басылымына сілтеме жасап.
Актриса туған күнінің ертеңіне өмірден озған.
Оның қазасы қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Менің қорғауымдағы Эдже Иртем бүгін сағат 12:00 шамасында қайтыс болды. Оқиға ол анасымен бірге үйде болған кезде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Қорытынды жарияланған соң жұртшылыққа қосымша ақпарат беріледі. Оның отбасына және оны жақсы көрген жандардың барлығына көңіл айтамын", - деп мәлімдеді Эдже Иртемнің адвокаты Угур Геккоюн.
Эдже Иртем 1991 жылы 14 маусымда Сивас қаласында дүниеге келген. Болашақ актриса 2014 жылы Яшар университетінің опера және вокал факультетін тәмамдаған. Ол Стамбулдағы беделді Садри Алышик атындағы мәдениет орталығында актерлік шеберлік бойынша білім алған.
Актриса "Клюквенный шербет" телехикаясы экранға шыққаннан кейін кеңінен танымал болды, сондай-ақ көрермендер оны "Тыйым салынған жеміс", "Мистер қателік", "Жаңа келін", "Отбасы" және басқа да танымал жобалардағы рөлдері арқылы жақсы таниды.
Талантты жас актрисаның қазасы оның әріптестері мен дүние жүзіндегі сансыз жанкүйерлері үшін ауыр соққы болды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу