350 миллионнан астам қаражат заңсыз қолма қол ақшаға айналдырылды Шығыс Қазақстанда салық схемасы әшкереленді

14.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шығыс Қазақстан облысында жалған шот-фактураларға қатысты схема әшкереленді. Іс бойынша бірнеше адам, соның ішінде мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шығыс Қазақстан облысында жалған шот-фактураларға қатысты схема әшкереленді. Іс бойынша бірнеше адам, соның ішінде мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, 2023 жылдың маусым-қыркүйек аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау ниетінсіз, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде рәсімдеп отырған.

Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоса алғанда, салық төлеуден заңсыз жалтарған. Аталған заңсыз схемаға Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысқан. Ол салықтық бақылаудан кедергісіз өту үшін қажетті жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектескен.

Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі 356 миллион теңге болды. Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 миллион теңгеден аса ірі залал келтірілген.

Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір автокөлігіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті

12 мамыр 22:48 2

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью