350 мыңнан астам бала Ханталапай ойнады

22.03.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамына орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Ханталапай" ұлттық ойындар республикалық байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 350 мыңнан астам бала қатысты.

Байқауға ортаңғы, ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілерімен қатар педагогтер мен ата-аналар да белсенді түрде аталысты.

Ойындар қауіпсіздік талаптары сақталған, ұлттық нақышта безендірілген арнайы алаңдарда өтті. Қатысушылар "Асық ату", "Ханталапай", "Тоғызқұмалақ", "Тақия тартыс", "Ләңгі", "Бес тас", "Садақ ату", "Көкпар", "Қамшы тастамақ" сынды қазақтың дәстүрлі ойындарын ойнап, ептілік пен шапшаңдықтарын сынады. Кейбір ойындар заманауи форматта ұсынылып, үстел үсті нұсқалары да енгізілді.

Сайыс қорытындысында үздіктер бірнеше номинация бойынша марапатталды. Атап айтқанда, "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар", "Алтын сақа", "Үздік ұйымдастырылған ұлттық ойын", "Белсенді ойыншылар", "Тапқырлар мен ептілер" және "Үздік ойын алаңы" аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью