Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
2026 жылғы ақпанда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 99 мың бос жұмыс орнын жариялады. Ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме орналастырған. Бұл туралы еңбек нарығына жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болды, - Tengrinews.kz тілшісі.
2026 жылғы ақпанда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 99 мың бос жұмыс орнын жариялады. Ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме орналастырған. Бұл туралы еңбек нарығына жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болды, - Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтің қорғау министрлігі мәліметінше, қаңтармен салыстырғанда жарияланған вакансиялар саны 3,7 пайызға (3,7 мыңға) азайған. Ал түйіндемелер саны 23,1 пайызға (37,5 мыңға) қысқарған.
Қай салаларда сұраныс жоғары?Салалар бойынша қарағанда, жұмыс күшіне деген ең жоғары сұраныс дәстүрлі түрде әлеуметтік сала мен қызмет көрсету секторында байқалады.
Ең көп бос жұмыс орны білім беру саласында тіркелген - 26,9 мың вакансия. Сонымен қатар:
өзге қызмет түрлері - 14,6 мың; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету - 9,4 мың; өңдеу өнеркәсібі - 8,6 мың бос жұмыс орны.Осы салалар еңбек нарығындағы негізгі сұранысты қалыптастырып отыр.
Қандай мамандарға сұраныс көп?Біліктілік деңгейі бойынша вакансиялардың басым бөлігі орта біліктілікті талап ететін жұмыстарға тиесілі - 44,2 пайыз. Ал жоғары білікті мамандарға арналған ұсыныстар 34,4 пайыз, ал біліктілікті қажет етпейтін жұмыстар 21,4 пайыз болады.
Ең көп вакансия қай өңірлерде?Өңірлер бойынша ең көп бос жұмыс орны мына аймақтарда тіркелген:
Павлодар облысы - 8,1 мың; Астана - 7,8 мың; Түркістан облысы - 7,4 мың; Қарағанды облысы - 6,6 мың; Алматы - 6,3 мың вакансия.Жұмыс іздеушілердің ішінде ең жоғары белсенділік Түркістан облысының тұрғындары арасында байқалған - 16,8 мың түйіндеме (13,4 пайыз).
Сондай-ақ:
Астана - 10,2 мың (8,2 пайыз); Алматы облысында - 9,5 мың (7,6 пайыз); Алматы - 9,2 мың (7,4 пайыз) түйіндеме жарияланған. Жас және гендерлік құрылымЖұмыс іздеушілердің ішінде ең белсенді топ - 35 жасқа дейінгі жастар. Олар барлық түйіндеменің 42,3 пайызын құрайды.
Сонымен қатар:
35–44 жас - 26,7 пайыз; 45–54 жас - 19,8 пайыз; 55 жастан асқандар - 11,2 пайыз.Гендерлік тұрғыда әйелдер басым: олар барлық түйіндеменің 54,6 пайызын құраса, ерлердің үлесі 45,4 пайыз.
Ең жоғары жалақы ұсыныстарыАқпанда жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы мына мамандықтарда тіркелді:
мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі инженер-әзірлеуші - шамамен 3,6 миллион теңге; құрылыс саласындағы жобаның бас технологы - 2,8 миллион теңге; материалтану технигі - 2,2 миллион теңге.Ал жұмыс іздеушілер тарапынан ең жоғары жалақы күтілімдері:
ұшқыштар - шамамен 3,3 миллион теңге; инвестициялық жобалар жөніндегі директорлар - 2,1 миллион теңге; оқу курстарын әзірлеушілер - 2 миллион теңге. Еңбек нарығындағы жалпы жағдайЖалпы алғанда, ақпанда Enbek.kz платформасындағы еңбек нарығында жыл басымен салыстырғанда белсенділік біршама төмендегені байқалады.
Соған қарамастан, жұмыс берушілердің негізгі сұранысы әлеуметтік салада, қызмет көрсету секторында және жұмысшы мамандықтарында сақталып отыр. Ал еңбек ұсынысы жағынан оңтүстік өңірлерден келген жұмыс іздеушілер мен жастардың белсенділігі жоғары болып қалуда.