Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Актер Рамазан Амантай әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, денсаулығы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, қазір салмағы 161 келіге жеткен. Артық салмақ денсаулыққа зиянын тигізіп жатыр. Мұны дәрігерлер де ескерткенін атап өтті.
“Осы сәттен бастап өзімді қолға алмасам, 36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін. Болды, шегінерге мүлде жол жоқ.
Уәде берейін не бермейін, оның маңызы жоқ. “Алдында да бастап, тастап кетіп едің” десеңіздер де өз еріктеріңізде. Менде басқа амал жоқ.
Дәрігерлерге қаралдым, толық тексерістен өттім. Нәтижесін көргенде, егер бүгін өзімді қолға алмасам, денсаулығым 36 жасқа дейін ғана жетеді
Әрине, бәрі бір Аллаға аян. Өмірді де беретін Алла, бірақ сақтанғанды сақтайды. Денсаулық – Құдайдың аманаты, сол үшін нар тәуекел.
Өздеріңізге қарап жүріңіздер. Салмақты қалай жинап алғанымды өзім де білмей қалдым. Жинау оңай, ал тастау өте қиын”, – деп жазды актер.