Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жол жабынындағы зақым 7 маусым күні жоспарлы тексеру барысында «Шымкент қаласының солтүстік айналма жолы» автожолының 2257-шақырымында анықталған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ақаудың пайда болуына ауа температурасының күрт көтеріліп, +35...+37 градусқа дейін жетуі себеп болуы мүмкін. Аптап ыстықтың әсерінен бетон плиталар кеңейіп, соның салдарынан жол жабынында деформация пайда болған.
Мамандар жүргізушілерден жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде жылдамдық режимін сақтап, барынша мұқият болуды ескертеді.