380 қазақстандық “Чилидегі компанияға“ алданып қалған

10.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана бойынша департаменті Sirius Energy қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана бойынша департаменті Sirius Energy қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, ұйымдастырушы өзін чилилік "Sirius Energy" компаниясының өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды жаңартылатын энергия көздері саласындағы жоғары табыс әкелетін жобаларға инвестиция салуға үгіттеген.

Қаражат тек USDT криптовалютасы арқылы қабылданып, кейін қатысушыларға шартты бонустар көрсетілетін жеке кабинеттер ашылған.

Салымшыларды тарту мақсатында күдікті Алматы және Астанада кеңсе ашып, тұрақты түрде тренингтер өткізген. Сонымен қатар Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы белсенді жарнама жүргізіп, заңды қызмет атқарып отырғандай әсер қалыптастыру үшін үшінші тұлғаның атына ЖШС тіркеген. Алайда іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетілмеген.

Салдарынан 380 азамат қаржы пирамидасынан зардап шекті.

Жәбірленушілердің бірі ұйымдастырушының жоғары табыс туралы уәдесіне сеніп, жобаға инвестиция салу үшін 3 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген. Алайда ешқандай төлем жасалмаған, енді ол несиені пайызымен бірге өз қаражатынан өтеуге мәжбүр.

Сот санкциясымен ұйымдастырушының банк шоттарына тыйым салынды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью