3D модель және Smart Petro Hub: Болашақ инженерлер үлкен деректермен жұмыс істеуді үйренеді

14.04.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Сәтбаев университеті ғылыми-өндірістік инфрақұрылымын кеңейтіп, Ғылым күніне орай ғылымның экономиканың нақты секторымен байланысын арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асырған болатын. Бүгін энергетика, металлургия, геология және экология салаларында қолданбалы әзірлемелер жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Негізгі нәтиже – университет осылайша бірыңғай ғылыми экожүйе қалыптастырып отыр, өйткені мұндағы зерттеулер бірден практикалық қолданысқа бағытталған. Ал жаңа зертханалар жеке академиялық алаңдар ретінде емес, өнеркәсіптің міндеттеріне біріктірілген жұмыс орталықтары ретінде құрылуда. 

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты директоры Ерғали Әуелханның айтуынша, Мемлекет басшысының цифрландыру, жасанды интеллект туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында ашылған зертханалар жаңа буын инженерлерін дайындаумен қатар, заманауи технологияларды оқу үрдісіне енгізе отырып, алдағы уақытта өнеркәсіп орындарында қолданылатын модельдеу жүйелерімен тиімді жұмыс істеуді мақсат етеді. Жаңа заман технологияларымен жабдықталған зертханалар студенттерге мұнай-газ, геология, гидрогеология саласында диаграммаларды өңдеп, үлкен деректермен, жаңа модельмен цифрланатын бағдарламалар арқылы карталармен жұмыс істеуді үйретеді.

Инженерлік білім – ел болашағының берік негізі

«Негізгі жобалардың бірі – Smart Petro Hub Теңізшевройл компаниясымен серіктестікте ашылған зертхананың ең үлкен артықшылығы – заманауи, индустрияда кеңінен қолданылатын лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етумен толық жабдықталуы. Зертханада бүгінгі мұнай-газ саласында ең сұранысқа ие бағдарламалық кешендер орнатылған. Солардың ішінде Petrel – геологиялық және геофизикалық модельдеу үшін қолданылатын әлемдік деңгейдегі платформа. Оның көмегімен қабаттың құрылымын, жыныс қасиеттерін және коллектор параметрлерін талдап, толыққанды 3D геологиялық модельдер жасауға болады. CMG (Computer Modelling Group) – гидродинамикалық модельдеуге арналған қуатты симуляторлар жиынтығы. Бұл жерде қабаттағы мұнай, газ және су қозғалысы, қысымның өзгеруі, сондай-ақ CO₂ айдау процестері терең зерттеледі. Eclipse (Schlumberger) –  кен орындарын игеруді жоспарлау мен болжауда кеңінен қолданылатын классикалық құрал. Ол әртүрлі игеру сценарийлерін салыстырып, қайсысы тиімді екенін анықтауға көмектеседі IPM Suite (Integrated Production Modelling), оның ішінде GAP – ұңғымадан бастап жер үсті инфрақұрылымына дейінгі бүкіл өндірістік жүйені біртұтас қарастыруға мүмкіндік береді», дейді профессор.

Ал геодеректерді талдау және интерпретациялау орталығы Қазатомөндіріс зертхананың негізгі бағыты – геологиялық және геофизикалық деректерді өңдеу, біріктіру (интеграциялау) және интерпретациялау. Бұл жұмыстар әсіресе уран кен орындарын зерттеу, бағалау және игеру барысында аса маңызды. Зертхана халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын заманауи бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. Атап айтқанда, Petrel – геологиялық және гидродинамикалық модельдеуге арналған жетекші платформа. Оның көмегімен жер қойнауының құрылымын зерттеп, кен орындарының 3D модельдерін құруға және оларды әрі қарай талдауға болады. MapInfo Professional – кеңістіктік талдау мен картографиялау үшін қолданылатын тиімді құрал. Бұл бағдарлама арқылы геологиялық объектілердің орналасуын, таралуын және өзара байланысын карта түрінде визуализациялауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар зертханада AtomGEO оқу деректер базасы қолжетімді. Бұл база геология, геофизика және кен орындарын игеру бойынша нақты материалдарды қамтиды және студенттерге деректермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Қазақстанда 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді

Профессор атап өткендей, Groundwater Modeling Lab зертханасында MODFLOW және ArcGIS бағдарламалары өзара үйлесімді түрде қолданылып, жерасты сулары жүйелерін кешенді зерттеуге мүмкіндік береді. MODFLOW арқылы жерасты суларының ағыны, фильтрациялық процестер және су алу нысандарының әсері сандық түрде модельденіп, әртүрлі сценарийлер бойынша болжау жүргізіледі. Ал ArcGIS геоақпараттық платформа ретінде кеңістіктік деректерді жинау, өңдеу және визуализациялауды қамтамасыз етеді, гидрогеологиялық карталар құруға және модельдеу нәтижелерін талдауға мүмкіндік береді. Осы екі құралдың бірігуі зертханада жерасты суларының динамикасын терең түсінуге, дәл болжам жасауға және тиімді инженерлік шешімдер қабылдауға жағдай жасайды.

Университет басшылығы жаңа зертханалар инфрақұрылымын кеңейтумен шектелмей, ғылым мен білім және өнеркәсіп арасындағы байланысты нығайта отырып, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуде ықпалды қадам жасап келеді.

Алматы

Соңғы жаңалықтар

3D модель және Smart Petro Hub: Болашақ инженерлер үлкен деректермен жұмыс істеуді үйренеді

Білім • Бүгін, 12:56

Наурыз айында қандай автокөліктер көп сатылды?

Қоғам • Бүгін, 12:42

Олжас Бектенов: Әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет

Үкімет • Бүгін, 12:38

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

Аймақтар • Бүгін, 12:27

Еуроодақ Венгрияның жаңа билігіне 27 түрлі талап қойды

Әлем • Бүгін, 12:02

Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны 8,5%-ға дейін жеделдеді

Экономика • Бүгін, 11:57

І тоқсандағы экономикалық өсімді өңдеу, құрылыс, көлік және сауда салалары қамтамасыз етті

Экономика • Бүгін, 11:39

Көлік көп, орын аз: Автотұрақ мәселесі қалай реттеледі?

Қоғам • Бүгін, 11:33

Кезекті «уағызшы» жауаптылыққа тартылды: Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

Заң • Бүгін, 11:21

Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Экономика • Бүгін, 11:00

Ел экономикасына 3,5 трлн теңге инвестиция салынды

Инвестиция • Бүгін, 10:50

Сақ болыңыз: Банктер мен мемлекеттік органдардың жалған сервистері пайда болды

Қоғам • Бүгін, 10:32

Инватакси қызметіне өзгерістер енгізіледі: Жаңа талаптар қандай?

Қоғам • Бүгін, 10:24

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Балалар құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 10:17

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Ауа райы • Бүгін, 09:48

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью