4 маусымнан бастап ипотека қымбаттайды: Отбасы банк қандай өзгеріс енгізді?

03.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұған дейін аралық қарыздың мөлшерлемесі бағдарлама түрі мен клиенттің бағалау көрсеткішіне байланысты 6%-дан 8,5%-ға дейін өзгеріп отыратын. Жаңа өзгерістерден кейін 6-7,5% мөлшерлемемен несие ала алатын азаматтардың ипотекалық төлемі артады.

Жаңа талаптар бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу, жеке үй салу, жер телімін алу, тұрғын үйді жөндеу мен жаңғырту, «Өз үйім» және «Әскери баспана» бағдарламаларына, сондай-ақ кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге қатысты болады.

Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты

Аралық қарыз – тұрғын үй құнының кемінде 50 пайызын жинаған, алайда тұрғын үй заемын алу үшін қажетті бағалау көрсеткіші (ОП) 16 деңгейіне жетпеген салымшыларға берілетін ипотекалық несие.

Оны рәсімдеу үшін азамат депозитте тұрғын үй құнының кемінде жартысын жинауы, бағалау көрсеткіші 5-тен төмен болмауы және қаражат салынғаннан кейін кемінде алты ай күтуі қажет.

Сонымен қатар банк тұрғын үй заемдары бойынша мөлшерлемелер өзгермейтінін хабарлады. Олар бұрынғыдай жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейін сақталады, ал ЖТСМ 3,6%-дан 6,9%-ға дейін болады. Мұндай қарызды алу үшін депозит мерзімі үш жылдан асуы, тұрғын үй құнының кемінде 50%-ы жиналуы және бағалау көрсеткіші 16-дан жоғары болуы керек.

«Отбасы банк» кейбір отандастарымызды тұрғын үй кезегіне қоюдан неге бас тартты?

Банк мәліметінше, 30 миллион теңге көлеміндегі несие бойынша 7,5% және 8,5% мөлшерлемелер арасындағы айырмашылық ай сайын шамамен 12-20 мың теңгені құрайды. Бұл жылына қосымша 144-240 мың теңге шығын деген сөз.

Ал 2026 жылғы 4 маусымға дейін несие бойынша алдын ала мақұлдау алған клиенттер ипотеканы бұрынғы шарттармен рәсімдей алады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью