4 жылдық күрес : Ырысбала Икрамбай ұлының дертіне қатысты шындықты айтты

29.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол тұңғыш ұлының денсаулығына қатысты ұзақ уақыттан бері мазалап келген мәселенің шешімі табылғанын айтып, көз жасына ерік берді.

Блогердің айтуынша, баласына 3 жасында аутизм диагнозы қойылған, ал алғашқы белгілерін 2 жасынан бастап байқаған. Содан бері ата-ана үшін ауыр кезең басталған.

«Төрт жыл бойы ұйқымыз тыныш болмады. Баламыз кейде түн ортасында жылап оянады, кейде мазасызданып, ұйықтар алдында әкесін теуіп, мені тырнап жіберетін кездері болды. Осындай сәттерде екеуміз де интернеттен ем іздеп, іштей қиналып, көз жасымызды тыя алмайтынбыз», – дейді ол.

Ырысбала Икрамбайдың сөзінше, жақында шетелден келген кинезиолог маман баланы арнайы аппараттармен тексерген. Нәтижесінде, баланың жағдайы аутизм емес екені анықталған.

Маманның қорытындысына сәйкес, баланың жүйке тамырлары қысылып, омыртқасында ауытқу бар. Сондықтан негізгі ем – жүйкені қалпына келтіру және қысылған тамырларды босату.

«Аутизм емделмейді дегенге өзімді көндіріп жүрген едім. Енді, міне, үміт пайда болды. Бір курс ем 10 күнге шамамен 1,5 миллион теңге тұрады. Бар жиған-тергенімізді жұмсасақ та, баламды емдетемін», – деді блогер.

Ол бұл жаңалықтан кейін ерекше қуаныш сезімін бастан өткеріп жатқанын да жасырмады.

Желі қолданушылары блогерге қолдау білдіріп, ұлының тезірек сауығып кетуіне тілектестік танытты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью