Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 10 қыркүйек - Sputnik. Жүк көліктерінен пайда тапқан екі басшы күдікке ілінді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Атап айтқанда көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұсталды.
"Олар жүктері рұқсат етілген салмақтан асып кеткен көліктерге кедергісіз жүруге көмектескен деген күдікке ілінді. Басшылар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға материалдық сыйақы алған", - дейді комитет.
Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.