40 млн теңге ақша бопсалады деген күдікпен үш өңірде 7 адам ұсталды

10.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қыркүйек айының басында Қазақстанның он өңірінде бопсалау және кісі өлтіру қылмыстарына қатысы бар 50-ден астам күдікті ұсталды.

Астана, Өскемен қалаларында және Алматы облысында 40 млн теңге көлемінде ақша талап етті деген күдікпен жеті адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын сотталған, оның ішінде адам өлтіргені үшін сотталғандар да бар.

"Тінту барысында күдіктілерден атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ бірнеше қымбат автокөлік табылып, тәркіленді. Құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және жолын кесуге бағытталған осындай іс-шаралар Астана мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында жүргізілді", - дейді полиция.

Жалпы аталған фактілер бойынша 50-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заңсыз айналымнан 10-нан астам атыс және травматикалық қару, сондай-ақ оларға тиесілі оқ-дәрілер тәркіленді. Сонымен қатар дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында жәбірленушілердің 77 млн теңгеден астам қаражатын иемденуге жол берілмеді.

Министрліктің айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық істер бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Заңсыз әрекеттерге қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью