40 мың адам және 100 тонна қоқыс: Астанадағы Таза аула акциясы қалай өтті

18.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Экологиялық іс-шара елорданың барлық ауданын қамтыды. Оған 40 мыңға жуық адам қатысты. Атап айтқанда, қала тұрғындары, мәдениет қайраткерлері, қаржы секторының өкілдері, құрылыс компаниялары, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері, МИБ/ПИК бірлестіктері, шағын және орта бизнес, еріктілер, студенттер және белсенді азаматтар атсалысты.

Бұл жұмысқа 900-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Акция барысында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмысы жүргізілді. Қатысушылар аулаларды, көшелерді, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.

Фото: Астана әкімдігі

Ауқымды іс-шара нәтижесінде 1 560 аула тазартылды. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке сектор аулалары бар. Сонымен қатар 491 аялдама павильоны жуылып, қала аумағынан шамамен 100 тонна қоқыс шығарылды.

Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың қоршаған орта тазалығына жауапкершілігін арттыру және оларды абаттандыру жұмысына тарту.

Әрбір тұрғын мен ұйым көшелер мен аулаларды көркейтуге үлес қосып, Астананы таза, жайлы әрі экологиялық қалаға айналдыра алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада жасыл аймақтардың құқықтық мәртебесі өзгереді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью