400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Каспий теңізінен өздігімен аман шыққан Қуандық Бекеттің жағдайы жақсы. Бұл туралы сарбаздың әкесі Бақтыбек Кенжеғұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Бекет Қуандық әскер қатарына былтыр 2 қазанда аттанған. Дзюдодан спорт шебері дәрежесі бар Бекет негізі студент. Дәл туған күнінде әскери комиссариатқа ешкімге айтпай өзі барып, әскер қатарына сұранып кеткен.

"Бекетім аман, жаңа апасы, анасы, бәріміз кіріп шықтық. Достарынан айырылып, көңіл-күйі жабырқап тұр. Біз оқиға туралы әлеуметтік желіден естідік. Уайымдап, жүректен жүрек қалмады. Көлікпен бірден сол жаққа шығып кеттік. Жол бойында хабарласып отырдық, марқұм сарбаздардың тізімінде болмады. Аман екенін содан білдік", - дейді әкесі Бақтыбек Кенжеғұлов.

© PhotoТеңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандық

Теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандық

© Photo

Сарбаздың әкесіне айтуынша, теңізде әскерилерді бірден терең жерге түсіріп жіберген.

"Бірден тереңге секіртіп жіберді деді. Басқа балалар шошып, жанталасып, айқайлаған. "Мен қорықпай сабырмен жағаға жүздім" дейді Бекет. Шамамен 400-500 метр жүзген. Біз ауылда дәмханаға тапсырыс беріп, тоқымқағар той жасайық деп дайындалғанбыз. Бекет "әке, керек емес, той жасамаңыз. Достарымнан айырылып қалай тойлаймын" деді", - дейді Бақтыбек Кенжеғұлов.

24 қыркүйек - Бекеттің екінші туған күні. Ол бес баланың екіншісі. Дәл оқиға болардан бұрын анасы 4-5 күн баласын ерекше сағынып, жанын қоярға жер таппай, қатты мазасызданған.

"Бекет денешынықтыру пәннің мұғалімі мамандығын оқып жүрген. Жайықта жүзіп үйренгендігі бар, соның арқасында да аман қалып отыр. Судан бірінші болып жүзіп шыққан. Артымнан кім шыққанын көрмедім, мені бірден көлікке салып алып кетті деді Бекет. Басқа сарбаздарды ойлап, жүрегіміз қан жылап жүр. Олар бәріміздің, бар қазақтың баласы", - дейді Бекеттің әкесі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью