Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Батыс Қазақстан облысында “Бекіре — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз балық тасымалдау дерегі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау – Орал автожолының 125-шақырымында, Чапаево ауылы маңында полиция қызметкерлері Toyota Estima көлігін тоқтатып, жүргізушінің тиісті рұқсат құжаттарынсыз 397 келі сазан және шортан балықтарын тасымалдағанын анықтады.
Бұл дерек бойынша ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полицияның мәліметінше, аталған іс-шара аясында жалпы 31 құқық бұзушылықтың жолы кесілген.
Құқық қорғау органдары азаматтарды заң талаптарын сақтауға және табиғи ресурстардың заңсыз айналымына қатыспауға шақырады.
Бүгін, 11:56