400 литрге жуық заңсыз сақталған алкоголь өнімі тәркіленді

17.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Орал қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөліктерді тексеру барысында көліктердің бірінен алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тексеру кезінде автокөліктен: көлемі 5 литрлік 70 бөтелке; көлемі 1 литрлік 1 бөтелке; көлемі 0,5 литрлік 12 бөтелке және басқа да алкоголь өнімдері анықталды.

Барлығы 83 дана алкоголь өнімі тәркіленіп, олардың жалпы көлемі 400 литрге жуық болды.

Жинақталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды сақтау мен өткізуге қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью