Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ақтөбе облысында жаңа өндірістік жоба жүзеге асырылмақ. Осыған орай облыс әкімі Асхат Шахаров Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчельмен кездесу өткізді. Басқосу барысында инвестициялық жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы және жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба аясында зауыт құрылысына 41,9 млрд теңге инвестиция салу жоспарланып отыр. Кәсіпорын жылына 280 млн литрге дейін алкогольсіз сусын өндіре алады. Нысанды іске қосу 2027 жылға белгіленген.
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Өңір басшысы бұл бастама облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, жоба ірі инвестиция тартумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуға, заманауи технологияларды енгізуге және өндірістің экологиялық стандарттарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Жергілікті билік тарапынан инвесторға жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Жоба шеңберінде 150 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда кәсіпорын құрылысы үшін 41-разъезд аумағынан 25 гектар жер телімі бөлініп, жобалау және дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жаңа өндірістік кешен Coca-Cola Içecek компаниясының Қазақстандағы төртінші зауыты болмақ. Ол заманауи технологиялық желілермен, қалдықтарды экологиялық басқару жүйелерімен және халықаралық тұрақты даму стандарттарына сай энергия үнемдейтін шешімдермен жабдықталады.
Аталған жобаның жүзеге асуы Ақтөбе облысының индустриялық орталық ретіндегі мәртебесін нығайтып, өңірге ірі халықаралық инвестициялар тартуға және экономиканың сабақтас салаларын дамытуға серпін береді.
Соңғы жаңалықтар
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26
Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40