Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін аптап ыстық болатынын ескертті.
Шымкентте, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы 40-44 °C-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.
"Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының кей аудандарында өрт қаупі жоғары болады", — дейді министрлік.
Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы да ықтимал. Найзағай кезінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.