5 баланың анасы 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды

21.10.2025

Qazaq24.com, Vesti.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бокстан 48 келіге дейінгі салмақтағы әйелдер арасында ҚР чемпионы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Финалда Әйгерім Сәттібаева мен Әнел Құдайберген кездесті. Жекпе-жекте Әйгерім айқын басымдық танытып, жарыс жеңімпазы атанды. Араға 15 жыл салып ел чемпионатында топ жарды. Бұған дейін 2010 жылы Қызылордада чемпион болған.

Әйгерім Сәттібаеваның жасы 34-те, 5 баланың анасы. Ол бокстан Азия чемпионы және қола жүлдегері, әскерилер арасында әлем чемпионы. Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 2 дүркін чемпионы Олжас Сәттібаевтың жұбайы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью