5 күн бойы іздеуде болған: 72 жастағы қария көлігінен өлі күйінде табылды

24.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қарағанды облысында 72 жастағы қария көлігінен өлі күйінде табылды. Жоғалған малын іздеп шыққан ауыл тұрғыны далада, өз көлігінің ішінде көз жұмған, - деп хабарлайды Aikyn.kz КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Зейнеткер бес күн бойы іздеуде болған.  Марқұм 18 желтоқсан күні Ағадыр кентінен жол талғамайтын көлігімен мал іздеуге шыққан. Алайда оның жоғалғанын жақындары тек 2 күн өткен соң білген. 

Қарияны іздеу жұмыстарына екі дрон мен спутниктік байланыс құралдары тартылды. Кеше күндіз шамамен сағат 11:00-де полиция қызметкерлері зейнеткерге тиесілі автокөлікті анықтады.

Көлік Ағадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықта, Ортау ауылы бағытына қарай, таулы аймақтағы дала жолында тұрған.

–  Автокөлік қарға көміліп қалған, салонын қарағанда жүргізуші орындығында ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр, – дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью