Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
— Қазіргі уақытта желіде жоспарлы клинингтік және регламенттік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, 5 мамырға дейін барлық LRT пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. LRT нысандарында эстакадалық инфрақұрылымды тазалау, станса ғимараттарын тазалау, сондай-ақ жекелеген инженерлік жүйелерді одан әрі пайдалануға дайындау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар LRT инфрақұрылымын дайындау аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылады, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, жақында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Astana ЛРТ-ның тестілік қолданылу барысымен, жүйенің негізгі жұмыс параметрлерімен және инфрақұрылымның дайындығымен танысқанын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар, 28 сәуірден бастап Астана қаласы оқушылары мен жеңілдік санаттарына арналған LRT атаулы көлік картасын рәсімдеуге онлайн өтінім беру қызметі іске қосылатыны белгілі болды.