Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Биыл бұл бағдарлама 5 000-нан астам маманды қамтып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа серпін берді.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі— Бағдарламаның басты ерекшелігі экономиканың нақты секторларына бағытталған бейіндік оқыту болды. Қатысушылар теміржол және автокөлік, құрылыс, энергетика, машина жасау, тау-кен ісі, мұнай-газ, IT, дәнекерлеу, тігін өндірісі, қоғамдық тамақтандыру, ауыл шаруашылығын механикаландыру және ветеринария сияқты 13 стратегиялық бағыт бойынша білімдерін жетілдірді, — делінген хабарламада.
Бұл бастама тек оқыту ғана емес, бүкіл техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін заманауи технологиялық талаптармен үйлестіруге бағытталған маңызды қадам болды.
Сарапшылардың айтуынша, педагогтердің кәсіби деңгейін көтеру болашақ мамандардың сапасын арттырудың негізгі факторы саналады.
Осыдан бұрын APEC PetroTechnic жоғары колледжі базасында AI Lab+ жасанды интеллект зертханасы іске қосылғанын жаздық.