5 өңірдің шаруаларына ықтимал су тапшылығы жайлы болжамды жеткіздік министр

26.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Біз бұл жұмыстарды былтыр қараша айында бастадық. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу өңірлеріне барып, шаруа қожалықтарымен кездестік. Ықтимал су тапшылығы туралы болжамды шаруаларға жеткіздік, ескерттік, өйткені олар дайындалуы керек. Оның бірнеше жолы бар. Алғашқысы — ол су үнемдеу технологияларын енгізу. Бұл ретте аталған 5 облысқа мемлекет тарапынан қомақты қаражат бөлінді. Соңғы үш жылмен салыстырғанда, алдағы үш жылға бағытталған қаржы көлемі 4 есе өсті. Одан бөлек ылғалды көп талап ететін дақылдардың орнына басқа өнім егу ісіне ерекше назар аударып жатырмыз, — деді Нұржан Нұржігітов Kazinform тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Ведомство басшысы атап өткендей, кешенді жоспар аясында 14,5 мың шақырым ирригациялық жүйеге жөндеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде суды 20%-ға үнемдеуге мүмкіндік туады.

Еске салайық, Water week» форумында сөз сөйлеген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан су шаруашылығы саласындағы ұлттық саясатты үнемі жетілдіріп жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзеніне суды есепке алатын құрылғыларды орнатып жатқанын мәлім етті.

Мұнымен бірге, министр биыл сәуірде елордада өтетін Өңірлік экологиялық саммитінде Астана декларациясы қабылданатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью