5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады : заңсыз неке қиятын имамдар сотталуы мүмкін

04.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мәжілісте депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Мұрат Әбенов заңсыз қиылатын діни неке мәселесін көтерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Депутат осындай рәсімдердің кесірінен әйелдер мен қыздардың құқығы жиі бұзылатынын айтты.

Мұрат Әбеновтың айтуынша, заңсыз, діни тұрғыдан қиылған неке мәжбүрлі неке мен зорлық-зомбылықты жасыру үшін қолданылады. 

“Кәмелетке толмағандарды ұрлағаннан кейін кейде діни неке қиылып, артынша жәбірленушіні отбасыдан қуып жіберетін жағдайлар кездеседі. Мұндай деректер Қызылорда облысы мен Шымкентте тіркелген. Бұған дейін діни қызметкерлерді жауапкершілікке тартуды ұсынғанмын, бірақ ол бастамаға қарсы шыққандар көп болды”, – деді депутат.

Енді ол жаңа Конституция қабылданғаннан кейін нормаларды қатаңдатуға мүмкіндік бар деп санайды.

Ұсыныстар қатарында заңсыз неке қиятын имамдар мен басқа тұлғаларға:

- 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік енгізу; 

- Зорлауды аса ауыр қылмыстар санатына көшіру және ең жоғарғы жазаны 15 жылға дейін ұлғайту бар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью