50 ғасырлық шежіре: Преамбула қалай өзгерді?

14.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Оның айтуынша, жұмыс тобы құжаттың мәтінін мұқият пысықтап, сөз санын 86-дан 89-ға дейін ұлғайтқан. Ең басты түзету — тарихтың тереңдігіне қатысты.

— Бұрын «мыңжылдық тарихы бар» деп жазылса, қазіргі нақтыланған нұсқада «мыңдаған жылдық тарихы бар» деп берілді. Бұл — біздің 50 ғасырлық шежіреміздің заңдық айғағы. Академик Оразақ Смағұлов бастаған ғалымдар қазақ елінің елу ғасырлық тарихын толық дәлелдеп шықты. Бұл — ұлттық мақтанышымыз, — деді сенатор.

Сонымен қатар, Алтынбек Нұхұлы Жапония, Финляндия және Германия тәжірибесіне сүйене отырып, білім, ғылым және төл мәдениетті Ата Заң деңгейінде ұлықтау мемлекеттің рухани және экономикалық дамуының кепілі екенін атап өтті.

Айта кетейік, алғаш рет «Ата Заң» сөзі Конституцияның ресми мәтініне енгізілетінін жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью