50 отбасы баспаналы болды

13.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Баспана – қоғам тұрақтылығының кепілі. Абай облысында тұрғындарды үймен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс өз жемісін беріп, Семей қаласында әлеуметтік осал топтағы 50 отбасына жаңа пәтер кілті табысталды.

Құнанбай көшесінде орна­ласқан 14 қабатты «Абай елі» заманауи тұрғын үй кешенінде өткен салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли мен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қатысты. Кешеннің бір ерекшелігі – мұндағы үйлерге Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлы тұлғалардың есімі берілген. Аймақ басшысы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басымдығы екенін атап өтті.

«Жыл басынан бері баспанамен қамту жұмысы жүйелі жал­ғасып келеді. Ақпанда Ұшақ­тар кентінде 26 отбасына кілт табыс- талса, бүгін көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтар мен жетім балалар санатындағы тағы 50 отбасы қуанышқа кенеліп отыр. Жыл соңына дейін барлығы 327 семейлік баспаналы болады», деді Б.Уәли.

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Л.Ибрагимова өңір­дегі тұрғын үй жинақ жүйесіне сұраныс артқанын, қазір облыс­тық филиалда 80 мыңнан астам салымшы бар екенін жеткізді.

Сарапшылардың пікірінше, тұрғын үй мәселесін шешу өңір­дің демографиялық, эконо­микалық тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бо-йынша елімізде бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үй қоры 24 шаршы метрден асқан. Мем­лекет бұл көрсеткішті арттыру мақсатында әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту бағдарламаларын кеңейтіп отыр. Сол тұрғыда Абай облы­сында да бірқатар ауқымды іс атқарылып жатыр. Былтыр Семейдің Қарағайлы шағын ауданында жалпы аумағы 27 мың шаршы метр болатын бес тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы екі тұрғын үйді іске қосу жоспарланып отыр. Биыл әлеуметтік осал топтарға 360 жалдамалы пәтер сатып алынып, «Отбасы банк» арқылы беріледі. «Абай жастары» бағдарламасы аясында 40 пәтер жас мамандарға ұсынылады.

Тұрғын үймен қамту жұмысы тек облыс орталығында ғана емес, басқа қалаларда да жалға­сып жатыр. Мәселен, өткен айда Курчатов қаласында 22 от­басы баспаналы болды. Алдағы уақытта тағы 14 пәтерді беру жоспарланған. Жеке инвес­тордың қаржысы есебінен Мек­теп көшесінде орналасқан 36 пәтерлі төрт қабатты тұрғын үй қайта қалпына келтірілді. Оның ішінде 8 бір бөлмелі, 16 екі бөлмелі, 12 үш бөлмелі пәтер бар.

Тұрғын үй мәселесі бір күнде шешілетін шаруа емес. Дегенмен жаңа қонысқа кірген әр отбасының шаттығы бұл бағыттағы жұмыстың қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтай түседі.

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

Мектеп • Кеше

Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды

Қоғам • Кеше

«Крокус сити холлдағы» теракт: 15 күдікті өмір бойына сотталды

Оқиға • Кеше

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді

Аймақтар • Кеше

Атырау облысында атыс кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Асель Баденова: Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз

Ата заң • Кеше

«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

Қоғам • Кеше

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

Футбол • Кеше

Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді

Ата заң • Кеше

Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады

Ата заң • Кеше

Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

Қоғам • Кеше

Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз

Медицина • Кеше

12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?

Қоғам • Кеше

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

Референдум • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью