50 жылдан аса отасқан жұп бақыттың формуласын айтты

17.03.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Еңбек жолы атадан жалғасқан әулеттен бүгінде 48 теміржолшы шыққан. Жалпы еңбек өтілі 1600 жылға жететін отбасы — тұтас бір еңбек династиясы.

Отағасы Кендай Ахметов 72 жылдық ғұмырының 48 жылын Сарышаған және Астана станцияларында еңбек етуге арнаған. Жұбайы Күлән Ахметовамен теміржол саласында танысып, 1975 жылы Сарышағанда шаңырақ көтерген.

Ерлі-зайыптылар төрт баланы еңбекқорлыққа және адамгершілікке баулып өсірген. Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанған.

— Теміржол бізді табыстырды. Жұбайым Күләнмен отасқаныма 40 жылдан асты. Үйде де, жұмыста да бірге болдық. Ыстық пен суықты бірге өткердік. Еңбектене жүріп, балаларды өсіріп, жетілдірдік, — дейді әулеттің отағасы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында.

Күлән Ахметова бақытты отбасының негізі өзара түсіністік пен төзімде екенін атап өтті.

— Жастарға айтарым, төзім мен сабырды серік етсе, әр отбасы өзінің бақыт формуласын таба алады, — деді ол.

Айта кетейік, Астанада «Наурызнаманың» онкүндігі аясында «Шаңырақ күніне» арналған бірқатар маңызды іс-шара жоспарланып отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью