500 команда білім жарыстырды

17.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Биыл сегізінші рет ұйымдас­тырылған республикалық «AL-FARABI» интеллектуал­ды ойыны ең ауқымды жоба­лар­дың біріне айналды. Түр­кістанда өткен білім сайысы қатысушылар саны жағынан рекорд орнатып, ел жастарының зияткерлік ойындарға деген қызы­ғушылығының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Биылғы дода бұған дейінгі маусымдардан ерекше өтті. Олай дейтініміз, алғаш рет еліміздің әр өңірінен 500 команда қатысып, жалпы саны 2 500 жас бір алаңда бас қосты. Шараны ұйымдастырушы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев осындай бас­тамалар арқылы білімді, белсенді, жан-жақты жастардың қатарын көбейту көзделіп отырғанын атап өтті. «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны алдағы уақытта жалғасын тауып, ауқымын кеңейте беретініне сенім білдірді.

Интеллектуалды ойынның ал­ғаш­қы іріктеу кезеңі Кентау қаласының орталық алаңында өтті. Ашық аспан астында ұйым­дас­тырылған ауқымды додаға қаты­сушылар білім, логика, тарих, әдебиет, география, мәдениет және өзге де бағыттар бойынша сынға түсті. Әр команда уақытпен санаса отырып, қойылған сұрақтарға нақты әрі жылдам жауап беруге тырысты. Іріктеу кезеңінің өзінде бәсекенің деңгейі жоғары болды. Команда­лар арасындағы ұпай айырмашылығы өте аз болғандықтан, соңғы сұрақ­тарға дейін тартыс сақталды. Қатысу­шылардың білім деңгейі, жылдам ойлау қабілеті және өзара үйлесімі олардың келесі кезеңге өтуіне тікелей әсер етті. Үздік нәтиже көрсеткен 45 команда келесі кезеңге жолдама алды.

Түркістан қаласында жалғас­қан зияткерлік ойынның келесі кезеңдерінде бәсеке күшейіп, сұрақтардың күрделілік деңгейі арта түсті. Ал ақтық кезеңде қаты­сушылардың дайындық деңгейі, жылдам ойлау қабілеті және кома­нда мүшелерінің бір-бірімен үйлесімді әрекет етуі анық байқалды. Финал қорытындысы бойынша І орынды Сайрам ауданынан келген «IQ Elite» командасы жеңіп алды. ІІ орынды Алматы қаласының «A team» командасы иеленсе, ІІІ орын Келес ауданынан келген «Keles Oilap» командасына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегер­лерге жалпы көлемі 3 миллион теңге жүлде қоры табыс­талды. Сонымен қатар қатысушы коман­даларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

ТҮРКІСТАН 

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру

Мәселе • Бүгін, 08:58

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Сана тазармай, дала тазармайды

Қоғам • Бүгін, 08:38

Қажымұқан туралы тұңғыш драма

Театр • Бүгін, 08:35

Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер

Қоғам • Бүгін, 08:33

Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы

Медицина • Бүгін, 08:30

Тайм-менеджмент және талапты студент

Жастар • Бүгін, 08:27

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью