579 млрд теңге инвестиция тартылды

20.12.2025

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттердің іске асырылу барысы мен биылғы көрсеткіштер жөнінде баяндады.

Сала басшысының айтуынша, биыл елімізде су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бо­йынша 145 жоба қолға алын­­ған. Сонымен қатар шама­мен 300 нысанға арналған жобалау-сметалық құжаттама мен тех­никалық-экономикалық негіз­деме әзірленіп жатыр екен.

Атап айтқанда, Алматы облы­сындағы Қызылағаш, Абай облысындағы Шар суқой­маларын реконструкциялау толық атқарылды. Астана суқоймасын ауқымды тазалау жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды.

Сонымен қатар биыл Түркістан облысындағы Қап­шағай суқоймасын реконструкциялау, Батыс Қазақстан облысындағы Киров суқойма­сының соңғы 58 жылда алғаш рет жүргізіліп отырған күрделі реконструкциясын аяқтау көз­деліп отыр.

Шу өзеніндегі Фурманов айналма каналында соңғы 40 жылда алғаш рет механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп, Түркістан облысында «Қара­қуыс» және «Бәйдібек-ата» суқоймаларының құрылысы жалғасып жатыр. Жобамен 2026 жылы аяқталады. Бұл қосымша шамамен 69 млн текше метр су жинауға мүмкіндік береді. Көксарай контрреттегішіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыс нысанның су жинау көлемін 2 млрд текше метрге дейін ұлғайтады.

Жөндеу мен реконструкциядан өткен 700 шақырымнан астам ирригация желісін пай­далануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ 469 мыңнан астам адам тұратын 224 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін 13 топтық су құбырын пайдалануға беру жоспарда. Оның ішінде 32 мың тұрғыны бар 43 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықталды.

Кейінгі екі жыл ішінде Қа­зақстанның су шаруашылығы са­ла­­­сының негізгі капиталы­на тартылған инвестиция көлемі 579 млрд теңгені құра­ды. Министр­лік шетелдік серік­­­тес­­­термен 7 келісімге және 30-дан астам меморандумға қол қойды.

Екі жылда су үнемдеу технологияларын енгізу бірнеше есе артып, орта есеппен
150 мың гектарға жетті. Су үнемдеу технологиялары қол­да­ны­латын егістік ауданы жалпы 543,5 мың гектарға өсті. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

Осы мақсаттарға жету үшін 2026–2028 жылдарға респуб­­ликалық бюджетте 228 млрд теңгеден астам қаражат қарас­тырылған, бұл алдың­ғы үш­жылдық кезеңмен салыс­тыр­ғанда төрт есе көп.

Министрлік «Қазсушар» РМК филиалдары үшін 757 арнайы техника мен автокөлік сатып алу жұмысын бас­тады. «Қазсушар» РМК қызмет­кер­лерінің жала­қысы биыл 1 шілдеден бастап 35-50%-ға артты. Сонымен қатар 2028 жылға дейінгі Жол картасы аясында Қаныш Сәтбаев каналын жаң­ғырту басталды. Су шар­уа­­шылығы саласының 1000-нан астам маманы біліктілігін арттыру курстарынан өтті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

«Осы шаралар басты мақ­сатқа – су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануға қол жеткізуге бағытталған. Бұл экономикамыздың тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ елдің ұзақмерзімді су қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Жиында вице-министр А.Әбдраимов журналистерге Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірлеу барысы, суын жеткізу бойынша электрондық келісімшарттарды енгізу жүйесінің пилоттық сынақтары, сондай-ақ өзен ағысын модельдеу және болжау жүйелерін енгізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты

Президент • Бүгін, 11:37

Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті елімізде өтеді

Президент • Бүгін, 11:20

2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Президент • Бүгін, 11:02

Президент Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады

Президент • Бүгін, 10:43

Мемлекет басшысы Токионың жасанды интеллект жөніндегі бастамасына қолдау білдірді

Президент • Бүгін, 10:40

Президент ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды

Президент • Бүгін, 10:37

Мемлекет басшысы ғалымдар мен зерттеушілердің кездесуін Астанада өткізуді ұсынды

Президент • Бүгін, 10:30

Президент Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу шешімін құптады

Президент • Бүгін, 10:22

Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды

Президент • Бүгін, 10:13

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі

Президент • Бүгін, 10:03

Асауға тұсау салынды ма?

Өнер • Бүгін, 10:00

Ыстанбұлдағы қазақ әдебиеті бұрышы

Қоғам • Бүгін, 09:55

Өнерге жаңалық енгізген дара тұлға

Мәдениет • Бүгін, 09:50

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы қорытындыланады

Білім • Бүгін, 09:40

Футбол индустриясын дамыту – уақыт талабы

Спорт • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью