Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстандық ауыр атлеттер 59 медаль, соның ішінде 19 алтын медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек. Ұлттық құрама спортшылары 16 рекорд — 11 Азия және 5 әлем рекордын жаңартты.
© Photo : Спорт комитетіҚазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды
© Photo : Спорт комитеті
"Чемпионатта ерекше нәтиже көрсеткен спортшылардың бірі — Снежана Кашкарова. Ол үш Азия және үш әлем рекордын жаңартып, жарыстың қорытындысы бойынша ауыр атлетикадан Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды. Ал Ксения Прозорова жарыс барысында тағы екі әлем рекордын орнатты", - делінген спорт комитетінің хабарламасында.
Айта кетері, 17 жасқа дейінгі қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен болатын.