5G трафиктің айтарлықтай бөлігін иеленіп үлгерді

04.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстанда 5G дамуы жаңа кезеңге өтіп жатыр. Енді мәселе тек ең жоғары жылдамдықта емес. Трафик ұлғайған сайын желінің сыйымдылығы мен байланыстың тұрақтылығы маңыздырақ бола бастады. Отандық жетекші ұялы байланыс операторы Kcell 2026 жылдың басына қарай 2586 дана 5G базалық стансасын іске қосты. Бұл лицензиялық міндеттемеде көрсетілген деңгейден (1959) шамамен үштен бірге көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компанияның дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 5G Kcell желісіндегі деректерді беру көлемінің үштен біріне жуығын қамтамасыз еткен. Бұл 5G-дің «сынақ үшін» ғана емес, күнделікті пайдаланылатын технологияға айналғанын аңғартады. Әсіресе байланыс сапасына талап жоғары сервистерде: видеоқоңырау, ағындық видео, бұлттық сервистер және цифрлы төлемдер.

Қамту аумағы да кеңейіп келеді. 5G тек облыс орталықтарында емес, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда да іске қосыла бастады. Мысалы, Қаскелең, Жаңаөзен, Құлсары, Сәтбаев, Қарқаралы және басқа да қалалар. Мұндай қалаларда тұрақты мобильді интернет – жай ғана ыңғайлылық емес. Ол цифрлы қызметтерге қолжетімділікті арттырып, үлкен қалалар мен өңірлер арасындағы теңсіздік айырмасын азайтуы мүмкін.

5G-ді дамыту айтарлықтай инвестицияны талап етеді. Kcell деректеріне сәйкес, соңғы үш жылда 5G желісін дамытуға салынған қаржы 180 млрд теңгеден асты. Осы тұста тариф саясаты да назарда: компания салық кодексі өзгеріп, ҚҚС мөлшерлемесі көтерілген жағдайда да тарифтік жоспарлардың бағасын өсірмегенін атап өтеді.

Нарықтағы жалпы көрініс те бұл мәселенің неліктен өзекті екенін көрсетеді. DataReportal/Kepios бағалауынша, 2025 жылдың соңында Қазақстанда 27,3 млн мобильді қосылу болды (131%), интернетті 19,5 млн адам пайдаланды (93,4%), ал әлеуметтік желі аудиториясы 16,9 млн-ға жетті (80,8%). Мұндай жағдайда теңсіздік «интернет бар/жоқ» дегеннен гөрі «интернет қаншалықты сапалы» деген өлшемге көшеді. Сондықтан 5G-ді жеделдетіп енгізу және қамтуды ірі қалалардан тыс жерлерге де тарату – инфрақұрылымның өсіп келе жатқан цифрлы сұранысқа дайындығын көрсететін белгі.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 16:45

Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?

Қоғам • Бүгін, 16:37

Мұхтар Шаханов өз атынан тараған жалған ақпаратты жоққа шығарды

Қоғам • Бүгін, 16:28

Нобель көрмесі: Демократияға төнген қатер Венесуэла мысалында көрсетіледі

Әлем • Бүгін, 16:15

«Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы шарықтады

Экономика • Бүгін, 16:03

Алматы облысының «Qonaev Media» телеарнасы несімен ерекшеленеді?

Оқиға • Бүгін, 15:55

Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Оқиға • Бүгін, 15:46

Атырауда кәсіпкерлер жұмысшылармен міндетті сақтандыру шартын жасамаған

Оқиға • Бүгін, 15:33

Вице-президент және Халық кеңесі: Жаңа Ата Заң жобасы Варшавада таныстырылды

Ата заң • Бүгін, 15:13

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

Мәдениет • Бүгін, 15:00

Заңғар, Айбар, Әсел: Алматыда үшем дүниеге келді

Қоғам • Бүгін, 14:59

Тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 14:47

Президент Пәкістан Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 14:30

Қазақстан таеквондошылары БАӘ-дегі турнирде үш қола медаль иеленді

Спорт • Бүгін, 14:22

Жаңа Конституцияда экологиялық мәдениет қағидаттары бекітіледі: Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» бастамасының дамуы туралы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:12

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью