6 бала құтқарылды: Атырауда үш көлік батпақтан шығарылды

25.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атырауда құтқарушылар бастпаққа батқан үш көлікті шығарып, 12 адамды құтқарды. Оның ішінде 6 бала, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдай министрлігі баспасөзінің хабарлауынша, оқиға кеше кешкісін Атырау қаласындағы Бесікты ауылы маңында болған. Сондағы демалыс орындарының бірінің жанында үш жеңіл көлік батпақты жерге батып, қозғала алмай қалған.

 – Жер бедерінің күрделілігі мен тұрақты байланыс желісінің болмауын ескере отырып, құтқарушылар жоғары өтімді техника мен спутниктік байланысты пайдаланды. Нәтижесінде 12 адамның барлығы, оның ішінде 6 бала қауіпсіз түрде эвакуацияланып, елді мекенге жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады, – делінген хабарламады.

ТЖМ тазартылмаған және батпақты жол учаскелерінде, әсіресе түнгі уақытта, жеңіл автокөлікпен жүруден бас тартуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью