Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Өскемен қаласының прокуратурасы бұрынғы шенеунік Жақсылық Омарға қатысты шыққан сот үкімі бойынша ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Прокуратура мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға да, рақымшылыққа да іліге алмайды.
Құзырлы орган өкілдері сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарға қатысты жазаны жеңілдету нормалары қолданылмайтынын атап өтті. Осыған байланысты Жақсылық Омар белгіленген жазасын толық өтеуі тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша рақымшылық жарияланатыны хабарланған болатын. Сонымен қатар қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік істерге қатысты да жеңілдік қарастырылуы мүмкін.