630 млн теңгелік жоба: Тері өңдейтін жаңа зауыт жұмысын бастады

26.02.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында EcoClub ЖШС-ның тері өңдейтін өндірістік зауыты іске қосылды.
Кәсіпорын ірі қара мен жылқы терісінен жоғары ақуызды протеинді жемдік қоспа өндіреді.

Жобаның жалпы құны 630 млн теңгені құрайды. Зауыт толық қуатына шыққанда айына 200 тоннаға дейін өнім өндіру жоспарланған. Өндіріс заманауи жабдықтармен қамтылған, бұл өнім сапасын арттырып, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Ашылу рәсіміне өңір әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жаңа жоба агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, мал шаруашылығы өнімділігін арттыруға және импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью