65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты маңызды өзгеріс: Ішкі істер министрлігі жаңа тәртіпті түсіндірді

01.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ішкі істер министрлігі 65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты міндетті медициналық тексеру талаптарына байланысты түсінік берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, 25 тамыздан бастап тек бір өзгеріс енгізіледі: егер жүргізуші міндетті медициналық тексеруден уақытында өтпесе, оның жүргізуші куәлігінің қолданысы сот шешімінсіз-ақ уақытша автоматты түрде тоқтатылады.

ІІМ бұл талаптың жаңа емес екенін атап өтті. Міндетті медициналық тексеру 65 жастан асқан жүргізушілер үшін 2014 жылдан бері қолданыста.

Алғашқы тексеруден 67 жасқа дейін өту қажет. Кейін жүргізушілер әр екі жыл сайын медициналық тексерістен өтеді. Тексеруді мемлекеттік емханада да, жеке клиникада да лицензиясы болған жағдайда өтуге болады.

«Соңғы күндері 65 жастан асқан жүргізушілердің медициналық тексерістен өту мәселесіне қатысты сұрақтар жиілеп кетті. Кейбір жүргізушілердің алаңдаушылық білдіріп жатқанын да байқап отырмыз. Алайда дүрлігуге ешқандай негіз жоқ. Ең жиі қойылатын сұрақ: «бұл жаңа норма ма?» дегенге саяды. Жоқ, бұл жаңа норма емес. 65 жастан асқан жүргізушілер үшін міндетті медтексеріс 2014 жылдан бері қолданып келеді», – деді ресми өкіл Шыңғыс Әлекешев.

Министрлік медициналық тексеруден өтпегені үшін арнайы айыппұл қарастырылмағанын мәлімдеді. Ал тексеруден өткеннен кейін жүргізуші куәлігінің күші автоматты түрде қайта қалпына келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью