65 жастан асқанның бәріне! : Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлерінің ата анасына ай сайын зейнетақы төлемек

21.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Белгілі әсіпкер Тұрсын Алагөзов тағы да бір ерекше ісімен көпті таңғалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кәсіпкер жаңа жылдық корпоративтік кеште барлық қызметкерінің 65 жастан асқан ата-анасына ай сайын зейнетақы төлейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы өзі басқаратын компанияның әлеуметтік желідегі парағында да жазылды.

«GALANZ bottlers жаңа жылдық корпоративтік кешінде Тұрсынғали Алагөзов 2025 жылды қорытындылап, әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, барлық қызметкердің 65 жастан асқан ата-анасына зейнетақы төлемдерін жариялады.Әрбір ата-ана компаниядан ай сайын 50 000 теңге алатынын мәлімдеді»,-делінген жарияланымда.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұған ізгі тілегін жазып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью