66 млн теңге шығын: Стоматологиялық клиниканың Damumed арқылы жасалған алаяқтығы әшкере болды

05.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілген стоматологиялық қызметтерге қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Тергеу барысында стоматологиялық клиникалардың директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ-пен жалпы құны 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы келісімшарттар жасағаны анықталған. Келісімге сәйкес клиникалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуі тиіс болған.

Шығыс Қазақстанда екі ведомствоның лауазымды тұлғалары жемқорлықпен ұсталды

Алайда күдікті «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған деректер енгізуді ұйымдастырған. Нақтысында бұл қызметтер пациенттерге көрсетілмеген.

Заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында ол дәрігерлердің есептік жазбаларын және клиникаға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.

Тергеу нәтижесінде ортодонтиялық көмек көрсетілгені туралы расталмаған 4 597 жағдай анықталды. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 66 млн теңгені құрады.

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Сот санкциясымен күдіктінің банктік шоттарындағы 23 млн теңге қаражатқа және құны 29 млн теңге болатын стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды.

Тергеу барысында күдікті келтірілген залалдың 11 млн теңгесін өтеген. Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленеді

Үкімет • Бүгін, 09:51

«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Спорт • Бүгін, 09:49

Қай өңірлерде жол жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:40

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:28

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:16

Мемлекеттік тілде тәрбиеленетіндер үлесі артып келеді

Білім • Бүгін, 09:00

Жетісудағы жаңа мамандықтар легі

Қоғам • Бүгін, 08:55

Цифрлық дәуірдің елеулі құжаты

Қоғам • Бүгін, 08:50

Онлайн саудада отандық тауардың бәсі биік

Экономика • Бүгін, 08:45

Ұстаздық ғұмыр белесі

Ұстаз • Бүгін, 08:43

Өңір экономикасына серпін беретін кәсіпорын

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Кәсіпкерлер салық режімін таңдады

Салық • Бүгін, 08:38

Жерді дұрыс игеру – стратегиялық ұстаным

Экономика • Бүгін, 08:35

Инфрақұрылымды жаңғырту пысықталды

Саясат • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью