68 жастағы Роза Рымбаева жастық шағын еске алды

08.01.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Instagram желісінде жарияланған қара-ақ түсті суреттерде әншінің жас кезі бейнеленген. Бір фотода ол ақ түсті костюм киіп тұрса, енді бірінде сахнада көңілді би билеп жатыр.

Сурет: Instagram/rozarymbaeva

Суреттердің біріне әнші өз репертуарындағы "Сол бір кездер" әнінің жолын жазып қалдырған. Жанкүйерлері бұл жазбаға жылы лебіздерін білдіріп, өткен күндерді бірге еске алды.

Роза Қуанышқызы сіздей "Алтын әріппен" жазылған бізде өкінішке орай әзірге әнші жоқ. Қандай да кеш болсын, мерей той болсын сіздің әніңізбен ашылуы тиіс.Осы суреті бала кезімізде айнаның алдында тұратын. Айналасын кестелеп, қатырып койған. Қарай беретін едімМені жас күнімнен Роза Рымбаеваға ұқсайсың дейді қазір 63 жастамын әлі қазіргі түріне ұқсатадыКеремет! Бұрын бұл әннің сөздеріне мән бермеген екенмін. Мағынасы қандай әсерлі, шіркін, жалындаған жастық шақ!Роза! Осы әнді орындағанда 88-жылы орнымыздан тұрып билегеніміз есімде. Шыныменен сол кездер қайдааЕсімде Роза Рымбаеваның альбомы шығып атағы әлемге танылғаны! Суретіне қарап қатты ұксағым келетін Қандай әдемі деп! "А Розе всего 18" деп жазылған еді

Сондай-ақ фотосуреттер топтамасында өнер иесінің жары, марқұм – Тасқын Оқаповпен бірге түскен сәттері де бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Роза Рымбаева (@rozarymbaeva)

Әншінің оқырмандары олардың отбасы өнерлі, үлгі тұтарлық екенін атап өтті.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры жайлы қызықты мәліметтер жарияланған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью