Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарға қалың қар түседі, ал шығыста бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Республикамыздың қалған аумақтарында айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.
Қазақстан бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, тұманның түсуі жатқызылады. Ал күндіз оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Сондай-ақ бірқатар өңірде күн суытып, үсік жүретіні болжанады (ауа температурасы: -1...-6°C):
Жетісу облысында;Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және шығысында;Алматы және Түркістан облыстарының солтүстігінде;Қызылорда облысының солтүстігі мен орталық бөлігінде.Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 23-25 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.